Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар халықаралық жолаушылар рейстерін ұлғайтуға және қайта бастауға рұқсат берді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Ресейге рейстер саны аптасына әр тараптан үштен 10 рейске дейін артты.
- Нұр-Сұлтан — Мәскеу — әр тараптан аптасына екіден төрт рейске дейін;
- Алматы — Мәскеу — әр тараптан аптасына бірден төрт рейске дейін;
- Шымкент — Мәскеу — әр жағынан аптасына бір рейстен қайта жанданды;
- Ақтау — Мәскеу — аптасына бір рейстен қайта жанданды.
Мальдив аралдарына Алматы-Мале бағыты бойынша қазақстандық әуе компаниялары үшін аптасына төрттен жеті рейске дейін көбейтілді.
Қырғызстанға Алматы-Бішкек бағыты бойынша аптасына екіден үш рейске дейін көбейтілді.
Өзбекстанға Нұр-Сұлтан-Ташкент бағыты бойынша аптасына алтыдан жеті рейске дейін көбейтілді.
Украинаға Нұр-Сұлтан-Киев бағыты бойынша аптасына бір рейстен екі рейске дейін көбейтілді.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.
Осы аптадан бастап “Аэрофлот” Мәскеуден Алматыға рейстерді қайта бастайды және Нұр-Сұлтанға ұшу жиілігін арттырады.