Федералдық кеден қызметі ұшқышсыз авиациямен және Ресей гвардиясының арнайы мақсаттағы жасақтарымен бірлесіп РФ-ға жүктерді заңсыз әкелу фактілерін анықтауға бағытталған арнайы операция жүргізді.
«Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының кеден органдарымен бірлесіп Самара кедені, Еділ жедел кедені бөлімшелерінің және Волга кедендік басқармасының мобильді топтарының белсенді қатысуымен өткізілді», — делінген РФ Федералдық кеден қызметінің хабарламасында.
Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасының ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асады және РФ-ға тыйым салынған тауарларды әкелудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Кеденшілер 40-тан астам көлік құралын тексерді, оның ішінде 14-і заң бұзушылықпен тауар тасымалдаған. Бұл шамамен 300 тонна тауар. Ұсталған тауарлардың болжамды құны шамамен 350-400 млн рубльді құрайды.
«Арнайы іс-шараның мақсаты өте қарапайым — заң бұзушылықтары бар тауарлардың тасымалдануына жол бермеу. Бұл жұмысқа бізбен бірге тасымалдаушылар да, жүк көлік құралдарының жүргізушілері де қатысты. Біз өткізіп жатқан іс-шараларға ешқандай қарсылық болмады, барлығы түсіністікпен қарады. Заңнаманы бұза отырып тасымалданған тауарлардың саны кейінірек есептелінеді, бірақ 14 машина деген санның өзі көп нәрседен хабардар етеді», — деп хабарлайды Ресей ФКС басшысының орынбасары Олег Губайдулин.
Ол сондай-ақ Ресей ФКС-ы осындай арнайы операцияларды өткізу тәжірибесін тұрақты жүргізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.