Қазақстандық зілтемірші Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алтын салды.
Арли Чонтей 55 келі салмақта ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.
Жарыстың алғашқы күні Арли Чонтей 113, 116 және 118 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 137, 140 және 142 келіні көтерді. Отандасымыздың қорытынды нәтижесі-260 кг.
29 жастағы зілтемірші осыған дейін 2018 жылы өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, осы жылғы Азия чемпионатында да жеңіс тұғырынан көрінген болатын.