Мектеп терезесінен секіріп, өзіне қол салған жасөспірімнің әкесі білім беру мекемесінің әкімшілігі тарапынан балаға жасалған қысым туралы мәліметтерді шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Ол «юбка киюді насихаттайтын кез — келген іс-шараларды» тоқтатуды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік! Алматы қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ 8-сынып оқушысы терезеден секірді.
Виктор Кимнің әкесі ұлын гендерлік шайқасқа араластырмауын сұрады
Виктор Ким мектеп басшылығына мәлімдеме жасап, отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен жақындарының көңіліне түсіністікпен қарауды сұрайды, деп хабарлады «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі.
«Менің ұлымның атын пайдаланбауды және әлеуметтік желілердегі кез-келген іс-шараларды, акциялар мен жазбаларды, соның ішінде юбка киюді насихаттауды тоқтатуыңызды сұраймын, деп жазды Виктор Романович. Сонымен қатар отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті, Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын еске саламыз. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қосымша ақпарат жариялап, кеңейтілген түсініктеме бермейді.
Сыныптастарының айтуынша, жасөспірім кешкі балға юбка киіп келген болатын
Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы терезеден секіріп, өзіне қол салды. Оның сыныптастары жасөспірім кешкі балға юбка киіп келгені үшін кураторы психологқа апарып, артынан ата-анасын шақыртқаннан кейін осындай қадамға барғанын айтты.
Қайғылы оқиғадан кейін кейбір мектептердің оқушылары сабаққа юбка киіп келіп, сексизм мен гендерлік стереотиптерге қарсы наразылық білдірді.