Қазақстандық вакцина Түркияда құйылады

Вице-премьер Ералы Тоғжанов қазақстандық вакцина түрік зауыттарының бірінде құйылатынын айтты.

«Бүгінде Түркиямен келісім бар. Олардың өз вакцинасы жоқ, бірақ қуатты өндірістік базасы бар. Алдын ала уағдаластық жасалды. Сонымен қатар, біз олармен зауытты сүйемелдеу және салу туралы келісімге қол қойдық. Бұдан басқа, оның халықаралық стандарттардың, бірінші кезекте GMP талаптарына сәйкес келу үшін және жабдықтарды монтаждауды Түркияның белгілі ірі компаниясы жүргізеді, ол бүгін Жамбыл облысының білім, денсаулық сақтау министрліктерімен, әкімдігімен келісімге қол қойылды», — деді Тоғжанов.

Ол Түркияда вакцинаны тек құйылатынын нақтылады.

«Бұл мәселемен Отардағы биологиялық қауіпсіздік институты айналысады. Мәселе … Бүгінде әлемнің көптеген жетекші елдерінің өз вакцинасы жоқ. Біздің институт қызметкерлері өндіріс кезеңінде тұрған инактивтелген вакцинаны әзірледі. GMP талаптары бойынша 21 сәуірде сынаудың 50%-дық деңгейі толығымен аяқталады. Осы зерттеу кейін біз өз вакцинасын өндіруге дайын боламыз», — деп мәлімдеді вице-премьер.

Тоғжанов биологиялық қауіпсіздік институты — ҒЗИ-дің ғалымдары вакцинаны әзірледі. Бірақ өндіріс мүмкіндігі 50 мың доза деңгейінде шектелген.

«Олар өздерінің барлық күш-жігерін жұмсады және шамамен 21 сәуірде толығымен аяқталады. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеудің барлық үш сатысының негізінде қорытынды беруі тиіс. Осы процеске де 5-7 күн қажет болады деп ойлаймын. 25-27 сәуірде Қазақстан өзінің алғашқы вакцинасына қол жеткізеді», — деді ол.

Вице-премьер осы препаратпен үш мың азамат сынақтан өткенін еске салды.

«Сондықтан біздің вакцинаның тиімділігі жақсы. 25-27 сәуірде қазақстандық алғашқы вакцина біздің негізгі хабтар Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Келесі айда олар тағы да 50 мың доза әзірлейді. Содан кейін 100 мың доза шығарамыз», — деп сендірді премьер-министрдің орынбасары.

Алайда ірі көлемде, яғни 500 мың доза өндіруге қазақстандық институттың өндірістік қуаты жетпейді. Сондықтан қосымша алаң іздеуге тура келді.

«ҒЗИ базасында вакцинаны шығаруға субстанция жасалады. Субстанциядан бал-өнім әзірленеді, ал бал-өнім негізінде вакцинаны одан ары құю жүргізіледі. Сондықтан маусым айынан бастап үлкен өндіріске, айына 500 мың дозаға шыға аламыз», — деп түйіндеді Тоғжанов.

Добавить комментарий