Қазақстандық вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Қазақстандық үш вайнер қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен тергеліп жатыр. Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алматы тергеу соты танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлады Алматы қалалық соты.

Әлеуметтік желі жұлдыздарға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі , 2-тармағы — «Аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып, қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көрсеткіш қаражатпен кепілмен босатылды. Саидбаевқа қатысты екі айға сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, әзірге полиция оны таппады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, вайнерлер Mudabarah Capital компаниясын жарнамалағыжәне оны басқарды деген күдікке ілінді. Қазан айынан бастап компанияның бірнеше лауазымды адамы, оның ішінде бас директор Руслан Бұрқановты тұтқындады.

Тергеудің ойынша, компания мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін азаматтар мен фирмалардың қаражатын инвестициялық пирамида қағидаты бойынша тартқан.

Добавить комментарий