Қазақстандық әуекомпанияларға 21 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда жүргізілген тексерулер нәтижесінде әуекоманияларға жалпы сомасы 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Олар рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзды деп отыр.

Тамыздың үшінші онкүндігінде Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларына жеті рет айыппұл салды.

Айыппұл сомасы — 21,2 млн теңге (7000 АЕК), деп хабарлады комитет өзінің ресми Telegram-арнасында.

ААК жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда..

Осылайша, ағымдағы жылғы тамыздың үшінші онкүндігінде «Эйр Астана» әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі «Fly Arystan» әуекомпаниясы болып табылады) қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды.

Аталған кезеңде SCAT әуе компаниясы бір рет жауапкершілікке тартылды. Әуе тасымалдаушы 1000 АЕК (3 млн теңге) төлеуге міндетті.

Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде заңнама талаптарын ұстанатынын атап өтті. Тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда шаралар қабылданатын болады.

Добавить комментарий