Қазақстанның Ауғанстан арқылы ұшатын ұшақтары үшін әуе кеңістігі жабылды. Енді азаматтық авиацияның әуе кемелері ел аумағының үстінен ұша алмайды.
Бұл туралы Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі (ҚАӘ) хабарлады.
«Отандық әуе компанияларына азаматтық әуекемелердың Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдалану бойынша қауіп-қатерді бағалауды және тәуекелдерді басқаруды жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіне ұшу кезінде жолаушылар мен әуе кемелерінің қауіпсіздігіне әсер ететін тәуекелдер мен қауіптер бар деп шешім шығарды. Жүргізілген бағалау нәтижелері негізінде тұрақты, жүк және чартерлік әуетасымалдарды орындайтын Қазақстанның әуекомпанияларына биылғы жағдай тұрақтанғанға дейін азаматтық әуе кемелерінің Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігінен ұшуға тыйым салуы туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жіберілді», — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Осындай нұсқау «Қазаэронавигация» РМК-ға жолданды.
Еске сала кетейік, 15 тамызда Ауғанстанда билік толығымен «Талибан» қозғалысының қолына өтті. Ел Президенті Ашраф Ғани өкілеттігін тоқтатып, бұрын жұмыс істеген жоғары лауазымды шенділермен бірге қашып кетті. Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіру тапсырды. 16 тамызда Тоқаев екінші кеңес өткізіп, онда Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайға шұғыл әрекет ету шараларын талқылады. Сонымен қатар, Ақорда ауған босқындары туралы ақпаратты негізсіз қауесет деп атады.
16 тамызда Ауғанстанның азаматтық авиация басқармасы транзиттік ұшақтарға елдің әуе кеңістігін айналып өтуді ұсынды.