Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Федерациядан берілетін сыйақыдан бас тартты.
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты, деп хабарлады федерацияның вице-президенті Юрий Польский.
«Біз Еленаға қаржылай көмек бергіміз келді, бірақ ол бас тартты. Оның үстіне, ол жүлде үлесін Қазақстандағы жасөспірімдерді қолдау мен қайырымдылыққа жұмсағысы келеді «, — деді Польский.
Елена Рыбакина 12 шілдеде Қазақстанға келеді. Ол журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп күтілуде.
«Қымбатты қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған қызу қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны сездім. Алғыс айтамын. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – керемет! Өзім әлі де сене алар емеспін», — деді өз жанкүйерлеріне.
Елена Рыбакина 8 шілдеде Уимблдонның финалында тунистік Онс Джаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, Қазақстанның тұңғыш Үлкен дулыға турнирінің чемпионы атанды.