Офшорлық аймақтарға шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтарып, инвестицияға айналдыру жоспарланып отыр.
Капитал елге қайтарылғанда рақымшылық жасау ұсынылды
Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстан экономикасының инвестициялық әлеуетін ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
Бұл бағытта мынадай іс-шараларды іске асыру көзделген:
тиімсіз меншік иелерін ауыстыра отырып, дәрменсіз кәсіпорындардың нарықтан жедел шығуы үшін банкроттық рәсімдерін оңайлатуға;
капиталдар ел экономикасына қайтарылған жағдайда оларға рақымшылық жасау;
қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар мен офшорлық аймақтардан АХҚО юрисдикциясына ауыстыру (редомициляция) және т. б.
Тұжырымдама сондай-ақ ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыруды, құқықтық режимді жетілдіруді, сот төрелігіне сенімді арттыруды көздейді.
Екінші бағыт бойынша іс-шаралар:
банктерді, мемлекет қатысатын қорларды, квазимемлекеттік сектор компанияларын және т.б. қоса алғанда, стратегиялық және бөлшек инвесторлар тарапынан қаржыландыруды, оның ішінде әріптестік қаржыландыруды тарту;
қазақстандық қор нарығын капиталдың халықаралық нарықтарына интеграциялау мен ілгерілетуді және сыртқы портфельдік инвестицияларды тарту;
мемлекеттік-жекешелік әріптестіктегі тәсілдерді кешенді реформалау;
ESG стандарттарын қолданудың өсіп келе жатқан үрдісінің маңыздылығын ескере отырып, орнықты даму жобаларына инвестициялар тартуды ынталандыру.
Министрлік жалпы тұжырымдама жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға және жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді деп отыр. Табысты индикатор негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге шаққанда 25,1% -ға дейін жеткізу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылы 25,5 млрд долларға дейін арттыру болады.