Қазақстандықтардың қаржы пирамидасына қосқан үлесі 1 млрд теңгені құрады

ҚР Ішкі істер министрлігінде қазақстандықтар «Questra world» қаржы пирамидасына салған сомасын жариялады.

Белгілі болғандай, пайда табуға деген ашкөздікке бой алдырған Республика азаматтары алаяқтық схемаға 1 млрд. теңге салған.

«Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті Қазақстан мен басқа да елдердің бірқатар азаматтарына қатысты 2016-2017 жылдары Questra world, Questra holding, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Management деп аталатын қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», — деп хабарлады брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз

ІІМ аталған соманы «мыңдаған қазақстандық» салғанын айтты.

Добавить комментарий