Қазақстандықтардың 40%-ы жазғы демалыс шығындарын қалтасы көтермейді

Ресми БАҚ-та жарияланған сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 40%-ының биыл жазғы демалыс шығындарын қалтасы көтермейді.

Сауалнамаға қатысқандардың 20 пайызы ғана биыл шетелде демалатынын айтты.

Olx сервисі қазақстандықтар арасында жазғы демалысты өткізу жоспарлары туралы сауалнама жүргізді. Оған 2000 адам қатысты.

Респонденттердің басым бөлігі — сауалнамаға қатысушылардың 40%-ы қаржылық себептерге байланысты жазғы демалысты жоспарлап отырмағанын, 30%-ы оны ел ішінде, 10%-ы қалада, 20%-ы ғана шетелде өткізетіндерін айтты.

Жазғы маусымда қазақстандықтар арасында сұранысқа ие сыртқы туристік бағыт Түркия — сауалнамаға қатысқандардың 37% осы елде демалыс өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Ресей (7%), Мысыр және Еуропа елдері — сәйкесінше 6% сұранысқа ие.

Ішкі туризмде қазақстандықтар арасында Алакөл сұранысқа ие — 28%.

Орташа статистикалық қазақстандық отбасы 2-4 адамнан тұрады. Орташа есеппен демалысқа отандастарымыз сыртқы туристік бағыттарға 1 млн теңгеден артық емес (75%) және ел ішінде 300 мың теңгеден артық емес (сауалнамаға қатысқандардың 76%) артық емес қаражат жұмсауға дайын. Респонденттердің 3%-ы ғана Қазақстанға сапарға 1 млн теңгеден астам қаржы жұмсауға дайын.

Добавить комментарий