Алматы қаласы Ақбұлақ шағын ауданында атыс бастаған ер адамның отбасына банк бірнеше жыл бойы келіп мазасын алғаны белгілі болды.
Кеше Алматыда оқ жаудырып, бес адамды өлтірген Игорь Дужновтың әйелі Анаида Демирчян журналистерге «Банк Центр Кредит» балаларымен бірге тұрып жатқан үйін сатып жібергенін айтты. Бұл ретте банкирлер көпбалалы ананың жалғыз баспанасын жай ғана сатып қана қоймай, оны нарықтық бағадан бес есе арзан бағаға сатқан. Осыған дейін несие берілген кепіл мүлкін арзан бағаға сатқан.
«Мен БЦК біздің барлық жиған-тигенімізден айырғанын бар жауапкершілігіммен мәлімдеймін. Ол бізді алдады. Ол бізді хабардар етпей, өздері шешім қабылдап, жылжымайтын мүлікті бес есе арзан бағаға сатқан. Ол жемқорлық әрекеттерін жүзеге асырып, бізді алдады. Иә, орын алған жағдайдан кейін бұның бәрін айту өте қиын. Бұл оқиға болмас еді. Мен бар жауапкершілігіммен мәлімдеймін. Кеше біз «Боранды» бірнеше рет шақырдық, кезекші прокурорды шақырдық, кезекші прокурор сол күйі келмеді. Екі сағат күттік. Құрметті қазақстандықтар, бізді заң қорғамайды», — деді Игорь Дужновтың әйелі.
Игорь Дужновтың әйелі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына, Жоғарғы судьяға хат жазғанын, бірақ ол жауап келгенше осы жерде мүлдем басқаша шешілетінін айтты. Анаида Демирчянның айтуынша, сот орындаушыларының оны телефон арқылы қорқытқан.
«Ол телефон арқылы қоңырау шалып қорқытатын. Кәмелетке толмаған балаларыммен бірге қуып шығаратынын айтты. Соттың шығарып жіберу туралы шешімінің өзі де қазір дау туғызды, жұрттың бәрі мұны жақсы біледі. Иә, адамдар зардап шекті. Мен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын. Мұны айту маған қиынға соғып отыр. Иә, менің күйеуім қателік жіберді, бірақ сот орындаушысы оны әдейі осы қадамға итермеледі. Барлық дәлелдер бар», — деді Анаида Демирчян.
Әйелдің айтуынша, банктер коммерциялық емес корпорациялармен, соның ішінде ХҚКО-мен де ынтымақтасып жұмыс істейді.