Қазақстандықтар Анталиядан жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша төртінші орында тұр.
Атап айтқанда, соңғы бес жылда шетелдіктер Түркиядан 206 768 жылжымайтын мүлік сатып алды, оның 41 мыңы — Анталиядан сатып алды, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.
Анталиядан жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша бірінші орында Ресей азаматтары (7978) тұр. Содан кейін ирандықтар (4396), немістер (3848). Тізімде төртінші орында қазақстандықтар тұр. Алғашқы ондыққа Ирак, Украина, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания және Дания енді.
Helmann құрылыс компаниясының басқарма төрағасы Селман Озгюн Түркияда жылжымайтын мүлікке инвестиция салу бойынша ең көп таңдалған аймақтардың бірі екенін атап өтті. Бұл көрсеткіш бойынша Түркияның туристік астанасы Стамбулдан кейін екінші орында. Оның айтуынша, Анталияның ерекшеліктеріне байланысты халықаралық инвесторлар өңірдің жылжымайтын мүлкіне инвестиция салуды жөн көреді.
Өңір сондай-ақ мұнда қоныстанған шетелл азаматтары мен компания құрылтайшыларының саны бойынша көш бастап тұр.