Қазақстандықтар шетелде жүріп ЭЦҚ ала алады

Қазақстан азаматтары шетелдегі елшіліктер мен консулдықтардан электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ала алатыны белгілі болды. Пилоттық жоба 10 дипломатиялық өкілдікте жұмыс істейді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызметті Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Стамбул және Франкфурт-Майндағы елшіліктерден ала алды.

Шет елдердегі мекемеге барар алдында азаматтар www.pki.gov.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының порталында «жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ» алу үшін алдын ала өтінім беру қажет. Ол үшін NCALayer бағдарламасын орнатып, ЖСН енгізіп, тиісті бағандарды толтыру қажет.

«Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өзінің қолы бар өтініш негізінде консулдық лауазымды адам ЭЦҚ кілттерін шығаруға өтінімді ақпараттық жүйеде растай алады. Бұдан кейін өтініш беруші www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) іске қосуы қажет», — деп нақтылады СІМ.

Қазақстанның мобильді азаматтары базасында телефон нөмірі тіркелген жағдайда ЭЦҚ-ны қашықтанда алуға болады.

Добавить комментарий