Қазақстандықтар ПТР анықтамаларынсыз ұшаққа жіберілмейді

Қазақстанда халықаралық әуе рейстеріне қосымша шектеулер енгізіледі. ПТР-анықтаманың болуына қойылатын талаптар қатаңдатылды.

Шетелден ұшатын барлық жолаушылар, оның ішінде қазақстандықтар мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19 -ға тестілеуден өткенін растайтын құжаты болуы керек.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов 26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық авиарейстермен келетін барлық жолаушылар, соның ішінде қазақстандықтар мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәтте кемінде 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болуы керек екенін еске салды.

«Айта кету керек, 5 жасқа дейінгі балалар ПТР талдау анықтамаларынан босатылады. Осыған байланысты шетелге ұшуды жоспарлап отырған немесе қазір шетелде жүрген қазақстандықтар осы талаптарды ескеруі тиіс», — деп хабарлады Байғабұлов.

ПТР-талдаудан өткені туралы анықтама қағаз және электрондық тасығышта (смартфонда болады) жарамды.

Ол толықтырып өткендей, ПТР-анықтамасы болмаған жағдайда қазақстандықтарды ұшақ бортына ұшу әуежайынан кіргізбейді.

Шетелден келетін қазақстандықтарда ПТР-анықтаманың міндетті түрде болуы туралы шешім Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі іс-шарада қабылданды.

Добавить комментарий