Қазақстандықтар бот көмегімен қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын тексере алады

Қазақстандықтар отандық мамандар әзірлеген арнайы боттың көмегімен компанияларда қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын тексере алады.

Хабарламада айтылғандай, іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті.

Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады, деп атап өтті агенттік.

Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес, деп қосты баспасөз қызметі.

 

Добавить комментарий