Қазақстандықтар мемлекет қате төлеген әлеуметтік төлемдерді жаңа Әкімшілік іс жүргізу және процедуралық кодексі бойынша қайтармаса болады, деп хабарланды
Әділет вице-министрі Наталья Пан жаңа Әкімшілік-процедуралық-процессуалдық кодекске сәйкес, азаматтарға әлеуметтік төлем қате төленген жағдайда, оны мемлекетке қайтармай-ақ қойса болатынын хабарлады.
Оның айтуынша, кез келген азамат бір кездері қабылданған шешімнің заңды, дәйекті әрі оның күшін жоюға болмайтынына сенімді болуы керек және егер егер ол азаматтың оған еш қатысы әрі кінәсі болмаса.
Мысалы, азаматқа әлеуметтік көмек төленді. Кейінірек тексеру барысында оның дұрыс мөлшерде төленбегені анықталды, қате шешім қабылданды. Сенімді қорғау құқығы қағидатын ескере отырып, уәкілетті орган адал азаматтан жұмсалған қаражаттың орнын толтыруды талап ете алмайды, өйткені бұған оның кінәсі жоқ, — деді әділет вице-министрі.
Бұдан басқа, кодексте даулардың жекелеген санаттарын қоспағанда, сотқа дейінгі міндетті шағым жасау көзделеді.
Бұл уақытты үнемдеуге және сот шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді. Сотқа дейінгі апелляциялық шағымның қосымша артықшылығы — бұл шешімнің орындылығы мен заңдылығын тексеру, сондай-ақ жіберілген қателерді түзету мүмкіндігі, бұл жеке тұлғалардың мүдделері үшін үлкен құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді, — деп түсіндірді Наталья Пан.
Бұған дейін жаңа кодекстің енгізілуімен қазақстандықтар әкімдіктердің шектеу жөніндегі шешімін жеделдетілген режимде сотқа шағым бере алатыны белгілі болды.