Қазақстандықтар АЭС құрылысына қарсы

Соңғы бірнеше айда Ресей тарапынан Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бірнеше рет көтерілген. Жыл басында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин БАҚ-қа берген сұхбатында РФ мен ҚР ынтымақтастығының негізгі және перспективалы бағыттарының бірі АЭС құрылысы жобасы болып табылады деп мәлімдеген. Көктемде өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселесі көтерілгенде, елші жоғарыда аталған мәселе туралы сөз қозғап, РФ АЭС құрылысына көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Алексей Бородавкиннің осы мәлімдемесі кейбір қазақстандықтардың шамына тиді. Халық атом электр станциялары қауіпті болуы мүмкін деп сескенеді, Мәскеу құрылыстың қауіпсіз әрі экологияға зиян келтірмейтінін айтып сендіргеніне қарамастан құрылыс жұмыстарына қарсы шыққандардың қарасы көп.

Қазақстандықтар ядролық апат мәселесін ерекше назарға алып отыр. Мұндай жағымсыз реакция бірқатар себептерге байланысты. Көптеген қазақстандық белсенділер 1986 жылы Чернобыль апатын алға тартуда. АЭС құрылысына қарсы болып отырғандар экологиялық апат орын алған Байқоңыр ғарыш айлағын бұның айқын көрінісі деп отыр.

Дегенмен қазақ халқы Семей полигонында болған тәжірибелерді әлі ұмытпаған. КСРО 1949 жылдан 1989 жылға дейін Семей қаласында 456 ядролық сынақ өткізді. Көптеген мамандар бұл өңірде жергілікті халық арасында түрлі қатерлі ісік, туа біткен ауытқулар мен жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюіне себеп болды деп есептейді. Елімізде электр энергиясы тапшы, мемлекетте жүргізіліп жатқан цифрландыру саясатына байланысты ол тек ұлғая береді, бірақ соған қарамастан АЭС құрылысына қарсы, себебі жоғарыда аталған апаттар қазақстандықтардың қорқынышы мен қаупін тудырады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы шешім қабылдауда халықтың пікірі ескерілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, атом электр станция құрылысына қарсы адамдар Фукусима-1 АЭС-те болған апатты тилге тиек етті. Бұл атом энергиясы туралы сөз болғанда ешкім апат болмайды дегенге кепілдік бере алмайтындығының айқын мысалы. Фукусимада болған апаттан кейін көптеген елдер АЭС пайдалану жоспарларын қайта қарады. Мысалы, Германия АЭС-тен толық бас тартуға шешім қабылдады және келер жылы соңғы атом электр станциясын жабуды жоспарлап отыр.

Жоғарыда айтылғандарға қоса кетерлігі, сарапшылардың пікірі Ресей үшін бұл саяси жоба, себебі энергетикалық тәуелсіздік расталмаса, елдің егемендігіне қауіп төнеді. РФ-ға қарсы салынған санкциялар жағдайында Кремль Орталық Азияны автономды энергиямен қамтамасыз етіп, аймақтағы ықпалын арттыруды жоспарлап отыр. Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық тек ҚР-да ғана емес, Орталық Азияда өз позициясын нығайту үшін таптырмас құрал.

Добавить комментарий