Қазақстандықтарға зейнетақы ретінде 2 трлн теңге төленді

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында қазақстандықтарға базалық зейнетақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 641,4 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, ынтымақты зейнетақы төлемдерінің сомасы 1 трлн 430,2 млрд теңгені құрады.

2020 жылдың қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 209,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеміне 65,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 144,8 млрд теңге бағытталды.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 221 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 94 944 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу тәжірибесін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға ортақ жүйеде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер енгізіледі. Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 және одан аз жылды құраса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ына тең болса, одан әрі 10 жылдан жоғары әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл — ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94%-дықұрайды. 33 және одан да көп жыл еңбек өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет аудару жүзеге асырылса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі бір айды құрайды. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде салынатын болса, зейнеткерлік жасына жеткен кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай талап етіледі) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.

 

Добавить комментарий