Қазақстандықтарға сапасыз интернет үшін ақша қайтарылады

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары мен олардың клиенттері арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда абоненттік төлемді клиенттерге қайтаруды ұсынды.

Бұл бастама Оразақ ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды, онда олар сапасыз байланыс қызметтеріне қатысты өз шағымдарын білдірген. Министр байланыс қызметтерін сапасыз көрсеткені үшін операторларға қомақты айыппұл салынатынын, бірақ станцияларды жаңғыртуға салынатын қаржы айыппұл мөлшерінен анағұрлым асып түсуі мүмкін екенін атап өтті.

Мен ұялы байланыс операторларын қайталанатын айыппұл төлеудің орнына, қолда бар базалық станцияларды жаңғыртуға және айыппұл төлеу сияқты жүйелі шығындарындың орнына жаңа базалық станциялар орнатуға шақырдым», — деп атап өтті министр.

Оның ұсынысы бойынша операторлар сапасыз байланыс тіркеген кезде мемлекетке айыппұл төлеп қана қоймай, клиенттерге 3-6 ай үшін абоненттік төлемді қайтаруға міндетті болады. Бұл шара азаматтардың сапасыз байланыс қызметтерінен туындаған залалды өтеуге бағытталған және сапасыз көрсетілген қызмет үшін абоненттік төлемді өтеуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий