Қазақстанда теміржол құрамдары паркі жаңартылуда.
Биылғы жылдың өзінде жолаушылар жаңа вагондармен Алматы-Маңғыстау және Алматы-Атырау бағытына қатынай алады.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, сондай-ақ ол жолаушылар вагондарының жетіспеушілігін жою бойынша алдағы жоспарлар мен оларды сатып алуға жоспарланған шығындар туралы айтты.
«Вагондар парктерінің жартысы ауыстыру қажет. 2020 жылы мемлекеттік қолдау тетігі аясында Ұлттық тасымалдаушы отандық «Тұлпар» зауытының 100 вагонын 40 миллиард теңгеге сатып алды. Биыл 14,7 млрд теңгенің 31 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарлануда», — деп хабарлады Атамқұлов ОКҚ-да өткен тұрғындармен есептік кездесуінде.
2025 жылға дейін бюджеттік несиелендіру аясында 295 вагонды жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 252 вагонның санитарлық тораптарын жаңарту жоспарланған, оның ішінде 215 бірлік, министрдің айтуынша, жаңартылған.
2019 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ 10 жыл ішінде вагон паркін жаңартуға уәде берген болатын.