Қазақстандық студенттің өліміне қатысты іс Мәскеу сотына келіп түсті

Қазақстандық МГИМО студенті Томирис Байсафаның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы 2021 жылы 23 наурызда өтеді.

Тыңдау Мәскеудің Никулин аудандық сотында алқабилердің қатысуымен өтеді.

Муртузали Меджидов Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталуда. Бұл Дағыстандық бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы. Күдікті Томирис қайтыс болғаннан кейін екі жыл өткен соң 2020 жылы шілдеде тұтқындалған.

«Ол бірнеше рет өзінің айғақтарын өзгерткен, басында терезе алдынан құлап кетті десе, содан кейін жүгіріп барып, секірді деп айтты. Тергеу мұны толығымен жоққа шығарды, бірақ менің ойымша, Муртузали Меджидов жауапкершіліктен жалтарып кетуге тырысады», — деп түсіндірді қаза болған студенттің анасы Жанна Ахметова.

Естеріңізге сала кетейік, Байсафа 2018 жылы 13 сәуірде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен болатын.

21 жастағы студент ауыр халде көптеген жарақаттарымен Склифосовский атындағы ҒЗИ ауруханасына жатқызылды. Сол жылы 3 мамырда бойжеткен қайтыс болды.

Тергеушілер Муртузали Меджидоваты жауап алуға шақырды. Қайғылы оқиға кезінде ол Томириспен бірге аудиторияда болған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, жастар екі жыл бойы қыз бен жігіт болып жүрген.

Добавить комментарий