Қазақстандық спортшылар Токиода Паралимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Токиода Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Қазақстан спортшылары қатысты.

24 тамызда Токиода Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Спортшылардың шеруіне 5 мыңнан астам атлет қатысты.

Бірнеше сағат бұрын дәстүрлі олимпиада алауының эстафетасы өтті. Ашылу салтанатының тақырыбы ретінде «Біздің қанатымыз бар» ұраны таңдалды.

Паралимпиадада спорттың жеті түрінен бақ сынайтын 25 спортшы Қазақстанның намысын қорғайды.

Паратхэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен өткен Паралимпиада-2016 күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ту ұстаушылар атанды

Қазақстан намысын қорғайтындар: Нұрдәулет Жұмағали, Нұрәлі Советқанов, Сиязбек Далиев, Ержан Сәлімгереев, Зүлфия Ғабидулина, Роман Ағалақов, Әлия Рахымбекова (жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы (жеңіл атлетика), Жанбота Аманжол, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (дзюдо), Бибарыс Спатай (каноэ), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Камила Досмалова (таеквондо), Давид Дегтярев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалықова, Алина Солодухина (пауэрлифтинг), Айсұлу Жұмабаева (оқ ату).

Добавить комментарий