Қазақстандық шаруалар мемлекеттен тегін жерді ала алмай жүр


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/03/speech-49599-1678194998-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать
Қазақстандық шаруалар таныстары болмаса, тегін жер ала алмайтынына шағымданды.
Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Елімізде егін егіп, мал өсіремін деген шаруалар мемлекеттен берілетін тегін жерді ала алмай жүр. Тіпті жердің кім алатынын «комиссия шешеді» десек артық айтпаймыз. Жер «көз қысты, бармақ бастыға» беріліп жатыр. Оған себеп – заң нормасы реттелмеген. Ұлттық палатаға шаруалар «таныс не жекжатсыз жер ала алмай жүрміз» деген уәжбен жиі келеді», — делінген ҰКП хабарламасында.

Статискаға сүйенсек, Қазақстанда 272.5 млн га жердің 214 млн га – ауыл шаруашылығындағы алқаптар. 184 млн га жайылым жер бар. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы айналымда  113 млн га. Шамамен 70 млн га резервте бар. Көбіне жайылым жер игерілмей жатыр.

«Атамекен» ҰКП құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Ернұр Әбжан ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жерді жалға алу керектігін айтты.

Ал, конкурсқа үш адам қатысып, олардың ұпайы бірдей болса, жер комиссиясының мүшелері жерді кімге беретінін өздері шешеді.

Осы конкурсты реттейтін Ережеде «егер конкурсқа қатысқан екі немесе үш адамның балы бірдей болса, онда жеңімпаз комиссия мүшелерінің дауыс беруімен анықталады» деген тармақ бар.

Басқаша айтқанда, кім комиссияның «көңілінен шықса», жер соған тиесілі. Бұл – жемқорлыққа әкелетіні сөзсіз. Мұндай жемқорлықты жойып, конкурстың талабын жетілдіру үшін Ұлттық палата сарапшылары салалық мемлекеттік органға – Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар ұсыныс жасаған.

Мысалы, жайылымның 1 гектары үшін 31 мың теңге саламын деп көрсетсе, онда ол кісіге 20 балл қоятын. Бірақ оны растайтын құжат талап етілмейтін. «Тек бизнес жоспарда көрсетеді. Ал, кім қаржыны көбірек көрсетсе, жерді сол алады. Кейін ол көрсетілген қаржы жерге жұмсалды ма – оны ешкім қадағаламайды. Тіпті конкурстың талабында қаржыны салу мерзімі де жоқ. Біз белгілі бір мерзімде уәде берген қаржысын – инвестициясын жерге салсын деген талап қоюды ұсындық. Яғни, көріп тұрғанымыздай, конкурстың өткізілуі «шикі» болатын», – деп түсіндірді Ернұр Әбжан.

 

Добавить комментарий