БҰҰ жүргізген тергеу нәтижесінде қазақстандық үш әуе компаниясының Ливияға заңсыз ақша мен қару, сондай-ақ адамдарды тасымалдағаны анықталды.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс Ливияға үш әуе компаниясымен қару тасымалдауға қатысты егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша, олардың екеуі Қырғызстанға тіркеуді өзгерткен, бұл ретте үш компанияның да сертификаттары тоқтатылған.
«Белгілі болғандай, БҰҰ «Azee Air» ЖШС, «Sigma Airlines» ЖШС, «Jenis Air» ЖШС сияқты үш әуе компанияға қатысты БҰҰ қауіпсіздік эмбаргосын бұзу мәселесі бойынша тергеу жүргізді. Қорытындыға сәйкес, үш әуе компания да қару тасымалдау, тыйым салынған елдерге адам айналымы, сондай-ақ ақша қаражатының заңсыз айналымы сияқты заң бұзушылықтар жасады. БҰҰ жүргізген тергеу ұзақ мерзімді болды, оған қатысуға түрлі елдер тартылды», — деп хабарлады Гриффитс.
Оның айтуынша, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі бұл тергеу туралы алғаш рет өткен жылдың қазан айында білген.
«Біз БҰҰ-ның сұрауы бойынша ақпаратты тексере бастадық. Жыл басында БҰҰ кейбір операторларды тексеру үшін СІМ-ге сұрау жіберді, тексеруді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізді. Біз аталған әуе компаниялармен жұмысты бастадық, тексеру үшін ақпарат сұрадық, Sigma жүк тасымалдау бойынша манифесті ұсынды. Біз Ливия өңірлеріне 280 ұшу жасалғанын анықтадық. Sigma ұсынған жүк манифестерін біз БҰҰ-ға да ұсындық. Ақпаратты тексергеннен кейін үш әуе компаниясы БҰҰ Қарарының 9-бабын бұзғаны анықталды. Біз қолданушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдадық. Сертификаттар барлық үш авиакомпания үшін тоқтатылды, біріншісі — Azee Air, содан кейін Sigma Airlines, Jenis Air. Соңғысы биылғы жылдың мамыр айында орындалды», — деп хабарлады Гриффитс.
Оның айтуынша, инспекторлар тобы үш ұйымға қатысты тергеуді жалғастырып, Қазақстанды оларға шара қолданатындықтарын мәлімдеді. «Біз ЕО-мен бірлесіп Sigma-ға қатысты шаралар қабылдадық — бүгінде оған Еуропаға ұшуға болмайды. Басқа екі әуе компаниясы Ливияға ұшуды жалғастыруда, себебі қазір олар тіркеуді өзгертіп, енді Қырғызстан Республикасында тіркелген», — деп хабарлады Гриффитс.