Мереке қарсаңында қазақстандықтарға қолданыстағы карантиндік шектеулерін ұмытпау туралы ескерту жасады.
«Демалыс және 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан мен өңірлік бас санитар дәрігер қаулысына сәйкес барлық шектеу шаралары қолданылады. Сіздерді жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды коронавирус инфекциясынан қорғайтын маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз», — деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ережелер:
- адамдар көп жиналатын орындарға бармау;
- ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және оған қатыспау;
- суық тию, тұмаудан сақтану;
- қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- бетперде режимін сақтау;
- қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
- температура немесе ауру белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;
- үй-жайларды үнемі желдету;
Сонымен қатар дастарқан басына отырғанда тамақтан улануды, ішек инфекцияларын естен шығармаған жөн.