Қазақстандық режиссердің «18 килогерц» фильмі Варшава халықаралық кинофестивалінде гран-при жеңіп алды

Коронавирус пандемиясына қарамастан Варшава халықаралық кинофестивалі дәстүрлі форматта өтіп жатыр.

Қазақстандық режиссер және сценарист Фархат Шәріповтың «18 килогерц» фильмі 36-шы Варшава халықаралық кинофестивалінде гран-при жеңіп алды. Бұл туралы байқаудың ресми сайтында хабарланды.

«18 килогерц» фильмі — 90-шы жылдардың соңында жасөспірімдердің өмірі баяндайтын көшедегі оқиға. «Бродвей» картинасының креативті продюсері Юлия Ким хабарлағандай, кинофестивальде фильмнің әлемдік тұсаукесері өтті.

«18 килогерц — бұл ересектер естімейтін жауыс жиілігі. Фильм жасөспірімдердің проблемаларына арналған. Есейе келе жастардың проблемаларын түсіну қиындап келеді. Кейбір мәселелер жас кезімізде шешілмейтіндей көрінетін. Шешімін табы жолында, қорқыныш билеген сәтті еске түсіру қиын. Өз фильмім арқылы сол жастық шақты еске салғым келді «, — деді режиссер Фархат Шәріпов.

Картинаның түсірілімі Алматыда өтті. Фильмдегі басты рөлдерді дебютанттар Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со сомдады.

Биылғы жылы коронавирус пандемиясына қарамастан, Варшава халықаралық кинофестивалі 9-18 қазан аралығында дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Кинофестивальдің соңғы күні, 18 қазанда көрермендер көңілінен шыққан фильм аты аталады.

Добавить комментарий