Қазақстандық қолөнершілер ИИДМ-дан шағын бизнесті қолдау мен дамытуды сұрады

ҚР ИИДМ басшысының орынбасарымен кездесуге Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының тұрғындары жазылды, кездесуде шағын бизнесті дамытуға және тұрғын үй және ТКШ мәселелерін шешуге қолдау көрсету бойынша сұрақ қойылды.

Кәсіпкер З.Жұманова қазақстандық қолөнершілердің басын қосып, демалыс күндері арнайы жәрмеңке ұйымдастыруға қолғабыс етуді сұрады. Оның пікірінше, бұл қолөнерді дамытудың тиімді тетігіне айналып, дәстүрлі өнерді қолдаудан бөлек шығармашылықты кәсіп еткен қазақстандық шеберлерді қызметін жалғастыруға ынталандырады.

Алматылық тұрғын Г.Өтепалиева «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден кейін мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелері негізінде көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын жөндеу мәселесін шешіп беруін өтінді.

Ал қарағандылық Г.Әбенова 2018 жылдан бері 1-топтағы мүгедек ретінде тұрғын үйге кезегінде тұрғанын айтып, баспанаға мұқтаж екенін жеткізді.Дәл осындай мәселемен вице-министрдің қабылдауына О.Әбдірайым жазылды. Бұл азамат үй кезегінде 2012 жылдан бері тұр.

Барлық өтініш берушіге мемлекеттік қолдау шараларын алу жолдары түсіндірілді. Көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын жөндеу мәселесіне келсек, анықталған олқылықты жою жөніндегі ескертумердігер ұйымға жіберілгені туралы айтылды. Егер де тиісті ескертулер елеусіз қалған жағдайда жергілікті атқарушы орган сотқа арыз беріп, шағымданатын болады.

 

Добавить комментарий