Қазақстандық оқушы «ақылды ферма» жасады

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы № 6 мектептің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің инновациялық жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан мойындалды.

Ол «ақылды» ферма макет күйінде жасады, онда барлық жұмыс процесі автоматтандырылған, ал жұмысты қашықтықтан басқарады.

Елдос «Ақылды» ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған. Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезеді.

Серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады. Фермадағы датчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіп тұрады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті.

Жобаны ҚР Оқу-ағарту министрлігі жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін ынталандыратын инновациялық қызметтің үлгісі ретінде атап өтті.

Добавить комментарий