Қазақстандық әнші экскурсия барысында гидті соққыға жықты

Қазақстандық әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал оның өзі Көлсай көлдеріне экскурсия кезінде гидті соққыға жыққаны үшін тергеу изоляторына қамалды.

Бұл туралы Алматы облысы полиция бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

28 қыркүйекте Кеген ауданындағы Көлсай көлдері маңында экскурсия кезінде әртіс ер адамға жұдырық ала жүгірген — әлеуметтік желілерде оның гид екені хабадранды.

«Ұлттық парк аумағындағы бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 30 қыркүйекте күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу iстiң мән-жайларын жан-жақты зерттеу үшiн барлық заңды шараларды қабылдайды. Тергеу бақылауда», — деп хабарлады Рустам Әбдірахманов.

Добавить комментарий