Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектептерде жаңа жылдық ертеңгілік өткізу шешімін кім қабылдайтынын айтты.
БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов мектептерде кез келген бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынғанын мәлімдеді.
«Мектептерде ертеңгілік және басқа да жаппай іс-шаралар өткізілмейді. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар», — деді Асхат Аймағамбетов.
Министр атап өткендей, сынып ішінде мереке өткізу туралы шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайды.
Оның айтуынша, әзірге министрлік коронавирустың «омикрон» деп аталатын жаңа штаммына байланысты оқушыларды қашықтықтан оқу форматына көшіру мәселесін қарап жатқан жоқ.
«Қазір бұл жайлы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қандай да бір қорытынды жасау үшін мәліметтер қазір жеткіліксіз», — деп қорытындылады Асхат Аймағамбетов.