Қазақстандық медицина саласындағы студенттер тест нәтижесіне наразы

Қазақстанда медицина саласындағы студенттер мемлекеттік емтихан аясында өткізілген тест нәтижесіне шағым түсірмек.

Ақтөбе облысында болашақ дәрігерлер тапсырған мемлекеттік емтихан төңірегінде жанжал шықты. Медициналық универстеттің студенттері тест нәтижесіне наразы. Барлығы дерлік шекті балдан сәл жоғары балл жинады. Интерндер өз білімдеріне нық сенімді, бірақ аз балл алғанына байланысты олар резидентураға түсе алмайтынын айтып отыр.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбе медицина университетінің студенттері тест нәтижесін жоюды талап етпек.

«Барлық 400 студенттің мұндай балл алуы мүмкін емес. Біз олардың жауапты көрсетіп, қандай сұрақтарға дұрыс жауап бермегенімізді көрсеткенін қалаймыз. Біз себебін білгіміз келеді және барлығы әділ болғанын қалаймыз», — дейді интерн Гүлжамал Сағидуллаев.

Мұндай жағдай еліміздің барлық медициналық жоғары оқу орындарында орын алды, дейді ақтөбелік студенттер. Түлектер емтихан жүйесінде ақау орын алды деп күдіктенеді. Тест нәтижелері 60-70 балл аралығында. Мұндай баллмен резидентураға түсу мүмкін емес, дейді түлектер.

«Біз мемлекеттік емтиханды қайта тапсыра алмаймыз. Осы төмен баллдармен біз жыл сайын резидентураға құжат тапсыратын боламыз, бірақ мүмкіндік азайып барады. Мен 90 ұпай жинадым деп ойлаймын», — дейді Еңлік Жастілек.

Жоғары оқу орнындағылар да емтихан нәтижесіне таң қалып отыр. Оқу орнының басшылығы түлектердің 90%-ы бірдей балл жинауының себебін анықтап жатыр.

Тестілеудің бірінші кезеңін тәуелсіз емтихан орталығы өткізді. Болашақ дәрігерлердің жаппай төмен нәтиже көрсеткенін білген орталық сарапшылары өз болжамдарын ұсынды.

«Бәлкім, интерндердің бірі емтихандағы тест тапсырмаларының базасын ойлап тапқан болуы мүмкін. Бәлкім, олар бұл ақпаратты Қазақстан бойынша интернатурадағы барлық түлектерге «берген» шығар. Олар бұл база 100% емтихан базасы деп үміттенген», — дейді М. Оспанов атындағы ЗҚМУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы Роза Нұрғалиева.

Жанжалдан кейін интерндерге тест нәтижесін жойып, емтиханды қайта тапсыру ұсынылды. Бірақ, университет басшылығының айтуынша, түлектердің ешқайсысы бұған келіспеген. Тестілеу кезінде 40-қа жуық адам апелляциялық шағым түсірген.

 

Добавить комментарий