Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қазақстандық кәсіпорындар өз қызметкерлеріне жалақы бойынша берешек 837 млн теңге құрайтынын айтты.
«2021 жылдың 31 қаңтардағы жағдай бойынша 70 кәсіпорынның қарызы 837 млн теңгені құрады. Банкротқа ұшыраған немесе оңалтудағы кәсіпорындардағы қарыздар ерекше алаңдаушылық туғызады, олардың үлесі жалпы соманың 51 кәсіпорында — 655 млн теңгені құрады», — деді Серік Шәпкенов.
2020 жылы тексеріс нәтижелері бойынша 4,4 мың жұмыс беруші 7 мыңнан астам заң бұзушылықты жойды, 31 мыңнан астам жұмысшының құқықтары қорғалды, оларға жалақы бойынша 4,2 млрд теңгеден астам қарыз төленді.
Серік Шәпкенов еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде 2,7 мыңнан астам кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізгенін, 3 мыңнан астам өндірістік нысан аттестатциядан өткенін айтты. Ішкі бақылауды 15 мыңнан астам өндірістік кеңес жүзеге асырады.
«2019 жылғы 17 маусымда Женевада Еңбек министрлігі Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету туралы меморандум жасалды. Республиканың 216 кәсіпорны осы тұжырымдамаға қосылды. 2020 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны 1 503 адамға өскен, ал 2019 жылғы 1 430 жағдай болған, — деп атап өтті ол.