Білім және ғылым министрлігі талапкерлерді 50 мамандық бойынша оқытуды тоқтатқанын мәлімдеді, себебі мамандықтар сұранысқа сай келмейді.
«Ведомство техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған», — деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.
Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ жіктеушіден «Білім беру ұйымының зертханашысы», «Патенттану» және басқа да мамандықтар алынып тасталды.
Қазақстандық колледждерде заманауи мамандықтар бойынша факультеттер ашылуда
Мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық, енді қазақстандық колледждерде «Робототехника және ендірілген жүйелер», «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы», «Өндірістің аддитивті технологиялары», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», «Графикалық және мультимедиялық дизайн», «Тас өңдеу өндірісі», «Ландшафтық дизайн», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Дестинацияны басқару», «Құрылыстағы сметалық іс», «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады