Қазақстандық каратеші Дархан Асадилов өзінің төрт қарсыласын жеңіп, каратэден Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.
Токиода Олимпиада тарихында алғаш рет каратэден турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның намысын екі каратеші қорғайды: Дархан Асаділов (А тобы) және Мөлдір Жаңбырбай (В тобы).
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Дархан Асаділов топтық раундта төрт қарсыласын — Түркия, Әзірбайжан, Жапония және Мысырдан келген спортшыларды жеңді.
«Асаділов 67 келіге дейінгі салмақта топтық раундта өнер көрсетіп, Түркия өкілі Эрай Самданды жеңді. Жекпе-жек 6:2 есебімен аяқталды. Артынан Асаділов екінші қарсыласы әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен жеңді. Дархан Асаділов Олимпиада ойындарының жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты. Каратист жапондық Наото Сагоны “таза” жеңді. 3:0 есебі біздің спортшымыздың пайдасына», — деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
«Ол Мысыр өкілі Әли Эльсавиді 3:1 есебімен ұтты. Жартылай финалдық айқаста қазақстандық француз Стивен да Костамен кездеседі», — деп жазады ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, А тобынан Асаділовпен бірге жартылай финалға Түркия өкілі Эрай Шамдан өтті, ол В тобынан шыққан Абдел Рахман Алмасатфамен белдеседі.
«Жартылай финалда А және В топтарының өкілдері арасында кездесулер өтеді.
Ерлер арасында кумитеден жарыстың жартылай финалы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:05-те өтеді «, — деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
5 тамызда Қазақстан атынан осы спорт түрінен В тобында каратеші Мөлдір Жанбырбай өнер көрсетеді.
Елорда уақытымен сағат 14:00-де біздің спортшы топтық раундта мысырлық Радва Сайедпен кездеседі.