Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Жүсіпова Қазақстанда зейнет жасына таяған және зейнет жасындағы әйелдер қорғалмаған деген пікірімен бөлісті. Оларға жұмысынан айырылып, жұмыс таба алмай қалу, кедейлену қаупі төніп тұрғанын айтты.
Ол Дүниежүзілік банкі Қазақстанда адами капиталды дамыту мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын таныстырғанын айтты. Айта кету керек, халықаралық сарапшылар пессимистік көзқараста.
Себебі, адами капиталды дамыту еңбек нарығымен тікелей байланысты. Сарапшының бағалауынша, елімізде көбінесе зейнет жасына таяу адамдар жұмыссыздық проблемасы тап болады.
Бұдан басқа, жұмыссыздық қаупі жастарға да төніп тұр. Жұмыссыздыққа көбінесе әйелдер ұшырайды.
Бұл статистикалық деректермен де расталады және мемлекеттік деңгейде мойындалған, өйткені жұмыспен қамту бағдарламаларында әйелдер жеке санатқа бөлінген.
Жүсіпова жұмыссыздықтың салдарынан зейнет жасына таяу және зейнет жассындағы әйелдер арасында кедейлену айқын көрінетінін атап өтті.
Бұдан бөлек, зерттеуде аймақ, жынысы және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бойынша адам капиталы көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық көрсетілген, олар 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты қатты ушыққан.
Нәтижесінде республикада байлар мен кедейлер, сондай-ақ мегаполис тұрғындары мен ауыл тұрғындары арасында білім алшақтығы ұлғайды.
Бұл факторлар қайғылы салдарға алып келуі мүмкін, оған халықаралық, оның ішінде Дүниежүзілік банктің зерттеулері де дәлел бола алады. Бұл ретте Қазақстанда халықтың 39%-ы оқушы екенін ескеру қажет, демек ел халқының бестен екісі осындай зардапқа ұшырайды.
«Дүниежүзілік банк өкілдері елді-мекендерде біліктілік дағдылары құрдымға кетеді деп болжап отыр, себебі халықтың әлеуметтік осал топтарында көптеген оқушылар ақша жетіспеушілігінен жоғары білім ала алмауда. Нәтижесінде, осы буын үшін еңбек нарығындағы біліктілік алшақтығы бұрынғыдан да үлкен теңсіздікпен сипатталады», — деп түсіндірді сарапшы.
26 мамырда Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова Дүниежүзілік банк пен ЮНИСЕФ мәліметтерін келтіріп, Қазақстанда 2,6 млн кедей азамат пен 1 млн-ға жуық кедей бала тұратынын хабарлаған болатын.