Қазақстандық әйел күйеуін ұрып-соғып өлтірді

Қазақстанда әйел күйеуін ұрып-соғып өлтірген. Ол кек алу үшін осындай әрекетке барғанын түсіндірді.

Ер адам алған жарақаты салдарынан 2022 жылы 29 сәуірде кешке қайтыс болды.

Меркі ауданы, Қостоған ауылының тұрғыны Е.Бектенбаев әр дайым масаң күйде жұбайы А.Сағынбаеваға жүйелі түрде физикалық қысым көрсетіп келген. 2022 жылғы 29 cәуір кешкі уақытта ол масаң күйде әйелінен алкогольдік ішімдікті талап етіп, бей әдеп сөздер айтып, төсекке ұйықтап қалған.

Әйелі осы сәтті пайдаланып, бұрынғы ренжістерін еске алып, күйеуінің қол аяғын төсекке байлап, ұстараның жүзімен денесінің әр жерінен кесіп, кемпірауызбен бірнеше тістерін жұлып, басы мен бет тұстарынан бірнеше мәрте соққылар жасаған. Ер адам алған дене жарақаттардың салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Сот әйелдің күйеуінің өліміне кінәлі деп танып, 21 қыркүйекте оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Добавить комментарий