Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов адамдардың қаржы пирамидаларына кіруінің негізгі себебін атады.
«Адамдар қаржы пирамидаларына қарапайым бір себеппен барады — қарызға белшесінен батады, кейін қарызын жақындары, таныстары, достары есебінен жабуға тырысады. Оған ешкім көмектеспеген соң ол банкке барады, жоғары пайызбен несие алып, борышын өтейді. Осыдан кейін бастап ол одан да ауыр жағдайға тап болады, сонда ол қарызын тез өтеуге мүмкіндік беретін кез келген кейстерді қарастыруға дайын болады. Адам осындай жағдайға душар болып, өзінің барлық мәселелерін тез шешудің амалдарын іздейді. Бұл қаржы пирамидаларының дамуының негізгі себебі», — деді Олжас Құдайбергенов «Қаржы пирамидаларымен күрес бойынша кешенді шаралар» онлайн-конференциясында сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қаржы пирамидаларын ұйымдастырған қылмыстық топтар әшкереленді. Әр өңірде қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандандырылған топтар құрылды. Соңғы үш жылда (2017-2020) ҚР ҚК 217-бабы бойынша полиция бөлімшелері 42 қылмыстық іс қозғады, олар бойынша қылмыстың 975 эпизоды тергелді, 2017 жылы — 11 іс, 2018 жылы — 9 қылмыстық іс, 2019 жылы — 10.