Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстаннан басқа елдерге тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $443 млн-ға дейін өсті. Бұл ретте былтыр осы кезеңмен салыстырғанда олардың көлемі 22,03%-ға азайып, 363 миллион доллар болды.
Отандық кәсіпкерлерден түсетін инвестиция көлемі ақпараттық-коммуникациялық саласында 51,4 есе — $36 млн-ға дейін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен операциялар — 12,06 есе, $18,1 млн-ға дейін айтарлықтай өсті.
Бұл ретте салымдардың ең көбі кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет қызметке салынды — $213 млн (+ 4 есе), қаржы және сақтандыру қызметі — $79,1 млн (-52,6%), құрылыс — $31,5 млн (-8,16%) болды.
Сондай-ақ, қазақстандықтар көлік және қойма өнеркәсібі салаларына — $28,9 млн және өңдеу өнеркәсібіне — $15,6 млн қаражат салды.
Сонымен бірге тау-кен өндіру өнеркәсібіне қаражат ағыны 83,9%-ға, $1 млн дейін қысқарды.
Қазақстандықтар арасында инвестиция салуға ең танымал елдер — Ресей, Ұлыбритания, Кайман аралдары, Қырғызстан және Нидерланд.
Бұған дейін LS шетелдік бизнесмендер Қазақстан экономикасына қанша қаражат салғаны туралы жазған болатын. Ағымдағы жылдың II тоқсанында республикаға барлығы $7,58 млрд түсті.