Қазақстандық хакер зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы 1,2 млн еуро ұрлады

Ресейлік полицейлер бірнеше жыл бойы интерпол желісі бойынша іздеуде болған қазақстандық хакердің ұсталғанын хабарлады.

Оған 1,2 млн еуро сомасында алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Оны екі жыл бойы Австрия полициясы іздеген.

Ресейлік басылымдардың жазуынша, Интерполдың Петербургтегі жергілікті бөлімшесі 1,2 млн еуро сомасында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Бұдан бөлек, ФТБ-да іздеуде болған, бірақ ол сытылып кеткен.

Оны 7 маусымда Батай тұйық көшесіндегі Sokos қонақ үйінде қолға түсірді.

Мол қаражатты өз шотына аударуға мүмкіндік берген зиянды бағдарлама сегіз жыл ішінде қазақстандыққа 1,2 миллион еуро әкелді. Оның үстіне, хакер осындай қылмыс жасағаны үшін АҚШ-та жазасын өтеп шыққан.

Добавить комментарий