Қазақстандық Freedom Holding Corp компаниясының иесі ауысады

Қазақстандық Freedom Holding Corp компаниясының үлесіне ие болған ресейлік бизнес өкілдері оның құрамынан шықты.

Жаңа қожайын холдингтің ресейлік активтерін 33 млн долларға сатып алды.

Freedom Holding Corp. (FRHC) «Фридом Финанс» Инвестициялық компаниясы» ООО (ИК ФФ) және «Фридом Финанс» Банкі ООО (БФФ) Жарғылық капиталындағы 100% үлесін сатып алу-сату Шартын жасасты, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Компанияның жаңа иесі болып, бұрын Бас Директордың орынбасары лауазымындағы және ИК ФФ Директорлар Кеңесінің мүшесі  Максим Повалишин тағайындалады.

Корпоративтік қайта құрылымдау шеңберінде ресей бөлімшелерін сату алдында, FRHC қазақстандық «Фридом Финанс» АҚ (ФФ АҚ) капиталындағы 90,43% үлесін сатып алу бойынша ИК ФФ-пен сатып алу-сату Шартын жасасты, -9,57% мөлшеріндегі қалдық үлесін Холдинг бұрыннан иеленген.

«ИК ФФ және БФФ сатып алған үшін, Повалишин мырза сыйақы ретінде, өзінің меншік қаражатынан, соның ішінде, компанияда қызмет атқару кезінде сатылған акциялардан түскен табысынан, 33 миллион АҚШ долларын құрайтын ақшалай төлемін жүзеге асырады, сонымен қатар, ИК ФФ және БФФ сатып алу бойынша FRHC-тің 6.6 миллиард рубль мөлшерінде құрайтын төлемін өтеу міндеттемесін өзіне алады (ағымдағы бағамға сәйкес, ол шамамен 107 миллион АҚШ долларын құрайды)», — деп хабарлады холдингтегілер.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының реттеуші органдарынан тиісті келісімдер алынғаннан кейін, және қажетті процедуралар жасалған соң, екі мәміле толық аяқталады. Содан кейін, Холдингтің ресей бизнесі жеке дамуын жалғастырады.

«Біз Қазақстандағы бизнесті дамыту үшін топталамыз, — деп түйіндеді Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов. — Қазақстанда енгізілген технологиялар мен қызмет көрсету түрлерінің басқа аймақтарға кең ауқымды таралуына жағдай жасауды жоспарлаудамыз. Біздің клиенттеріміз, біздің дамығанымыздан көптеген артықшылықтар алатынына сенім артамыз».

«Фридом Финанс» Инвестициялық компаниясы» ООО (ИК ФФ) және «Фридом Финанс» Банкі ООО (БФФ) іс жүзіндегі клиенттері өздерінің активтерін ресей компанияларының есеп шоттарында қалдырулары мүмкін, немесе Freedom Holding Corp.кез келген бөлімшесіне аудару мүмкіншіліктері бар.

Добавить комментарий