Қазақстандық делегация Өзбекстан үкіметіне мемлекетаралық көтерме-тарату орталықтары желісін құруды ұсынды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың басшылығымен қазақстандық делегация Ташкентке ресми сапармен барды, деп хабарлады Үкімет басшысының сайты.

Өзбекстан Премьер-Министрі қолданыстағы Термез — Мазари-Шариф сауда-логистикалық орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарауды ұсынды.

Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдолла Әріповпен, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ачилбай Раматовпен, Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және Сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақовпен кездесті. Тараптар өзара тиімді іс-қимыл бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді.

Кездесулерде қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі әлемдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, дәстүрлі түрде жоғары деңгейде және серпінді түрде дамып келе жатқаны атап өтілді. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы мен өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары кезекті рет тыңғылықты талқыланды.

Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін автомобиль жасау, экспортты шоғырландыра отырып ауыл шаруашылығы жобалары, сондай-ақ үшінші елдердің нарықтарында сұранысқа ие өнімдердің мультимодальдық жеткізілімдерін (авто, теміржол, әуе) қалыптастыру жобалары қаралды.

Қазақстан тарапы экспорттық нарықтардың ірі сауда желілеріне шығу үшін ауыл шаруашылығы өнімін жеткілікті көлемде шоғырландыруға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарының (КТО) мемлекетаралық тармақталған желісін құруды ұсынды.
Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-Министрі Термез-Мазари-Шариф сауда-логистикалық орталығы аясында ынтымақтастық мәселелерін қарастыруды ұсынды.

Сапар барысында көлік, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, жеңіл, фармацевтикалық, тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ микро, шағын және орта кәсіпкерлік, білім беру салаларын қамтитын Практикалық шаралар жоспарына қол қойылды.

Добавить комментарий