Соңғы жекпе-жегінде ауыр жарақат алған қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шығып, Instagram-дағы парақшасына сүретімен бөлісті.
Еске сала кетейік! 6 қарашада екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA Regular атағы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін ауыр жарақат алды.
Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдап, жеделхат жолдады.
16 қарашада қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулық жағдайы жақсарғаны хабарланды.