Қазақстан тұрғын үй қолжетімділік деңгейін зерттеу жүргізілген елдер тізіміне енгізілді. Жылжымайтын мүлік бағасы халықтың кірісінің қатынасы бойынша және ұсынылған тұрғын үй-жайлардың сапасын ескере отырып, Қазақстан 109 елдің ішінде 35-орынға ие болды.
ҚР индексі 9,63 құрады (бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы).
Рейтингте алғашқы үштікке Сауд Арабиясы, Пуэрто-Рико және ОАР, Сирия кірді.
2021 жылдың наурыз айында өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда қазақстандықтар тұрғын үйді үш есе жиі сатып алған немесе сатқан.
Бір жыл ішінде жылжымайтын мүлік бағасы 8%-ға қымбаттағанына қарамастан . Нарықтағы бағаның «қымбаттауы» қазақстандықтарға 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы аударымдарын пайдалануға рұқсат етілгенімен байланысты.
Қазақстанда ең қымбат пәтер — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, ең арзан баға — Таразда.