Қазақстанның Ұлттық банкі 2022 жылғы қарашаның басындағы жағдай бойынша елдегі банктер мен айырбастау пункттерінде қанша қолма-қол рубль барын айтты.
Атап айтқанда, еліміздегі банктерде қолма-қол 14,2 млрд ресейлік рубль, ал банктік емес айырбастау пункттерінде 507,3 млн рубль жиналды.
Бұған дейін қаржы институттарына қолма-қол рубльді Қазақстаннан әкетуге рұқсат беретін заң әзірленгені белгілі болды.
Бұл шара банктерге ақшаны қолма-қол ақшасыз айырбастауға және корреспонденттік шоттарды толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бас банк жобаның қолма-қол рубльді әкету сомасы бойынша шектеулер қоймайтынын нақтылады.
Еске салайық, қазан айында Ұлттық банк Қазақстанда банктерінде 10 млрд қолма-қол рубль жиналғанын, ал айырбастау пункттерінде 400 млн рубль болғанын хабарлады.