Қазақстандық қант өндірушілер импортқа шектеу қоюды сұрайды

Қазақстанның қант өндірушілері ресейлік өнімдерді әкелуге тосқауыл қоюға талап етті.

«Атамекен» ҰКП ресми баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық қант өндірушілер ішкі нарықтағы бәсекелестікке алаңдаушылық білдіріп, Ресейден бақылаусыз кіріп жатқан қантқа тосқауыл қоюды сұрады

«Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының» президенті Айжан Наурызғалиева Ресейден келетін қант (300 теңге) жергілікті өндірушілерді тиімсіз жағдайға қалдырып отыр, отандық қанттың өзіндік бағасы (440 теңге).

«Базарда алыпсатарларға 320 теңгеге сатады, әрі қарай 350 теңгеден сатылып жатыр. Біз Ауыл шаруашылығы, Сауда министрліктеріне көлік тасымалын жабу туралы өтінішпен жүгіндік. Себебі қантты осылай қадағалаусыз кіргізе берсек, Ресейде бүгіннің өзінде төрт зауыт іске қосылған», — деп түсіндірді Наурызғалиева.

Ол атап өткендей, Ресейде биыл өнім жақсы, 6,5 млн тонна өнім аламыз деп отыр. Қазақстан қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі жоспарын қабылдады.

Сауда комитетінің өкілі Гүлмира Ахметаева отандық қант зауыттары ішкі нарықтағы сұранысты толық қамти алмайтынын атап өтті, себебі импортты алмастыру үлесі 50%-дан астамды құрайды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов қант өндіріс дамыту бағдарламасының орындалмауына қатысты Ұлттық палата арқылы жазбаша жауап беретінін мәлімдеді.

 

Добавить комментарий