Қазақстанда жылдық инфляция өсті

2023 жылғы қаңтарда Қазақстанда жылдық инфляция 20,7%-ға дейін өсті. Бұрын ол 20,3%-ды болған.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, «2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады.

Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті.

Добавить комментарий