Қазақстанда ЖСН алу процесі айтарлықтай жеңілдеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында айтты.
Ол бұл ХҚКО-ларда адамдардың ұзын-сонар кезек мәселесін шешуге бағытталғанын түсіндірді. Енді ЖСН SMS арқылы келетін болады.
Министр Ресейден келген азаматтар үшін ашылған «Жастар» жастар сарайындағы ХҚКО-ға барған кезде жағдайжағдайды өз көзімен көргенін айтты.
Аталған ХҚКО-лар негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылғанын және қазақстандықтарға бірінші кезекте, кедергісіз, штаттық режимде қызмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Ресей Федерациясынан келген азаматтар санының көптігінен, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермеуде.
Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады, олардың деректері базаға енгізілгеннен кейін қайтып, екінші күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алады. Сонымен қатар, ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады.
Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады.
«Бүгін біз екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде кез-келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығатын болады», — деді министр.