Қазақстанның жеті облысында төтенше метеорологиялық жағдайларға байланысты республикалық тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Автожолдардың 54 учаскесінде жүк, дизельдік және қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды.
Еліміздің елордасы Астанадан барлық бағыттарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Қатты аяз салдарынан көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолдарда ықтимал ТЖ-ның алдын алуға бағытталған шаралар енгізілді.
Абай облысы
Омбы — Майқапшағай автожолы, 587-733 шақырымға дейін, Павлодар облысы мен Семей қаласына шекарасы.
Ақмола облысы
барлық бағыттар бойынша.
Ақтөбе облысы
Қарабұтақ — Комсомольское — Денисовка — Рудный — Қостанай автожолы, 0-234 шақырымға дейін, Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске;
Самара-Шымкент автожолы, 776-1153 шақырым, «ЭколОйл» ЖҚС-дан М-32 мен А-26 айырығына дейінгі учаскесі.
Павлодар облысы
барлық бағыттар бойынша.
Қарағанды облысы
Қызылорда — Павлодар автожолы, 967-1135 шақырымға дейін, Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске;
Қалқаман — Баянауыл — Үмiткер — Ботақара автожолы, 231-234 шақырым, Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейiнгi учаске.
Қостанай облысы
Жезқазған — Петропавл автожолы, 340-377 шақырым, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске;
Қостанай — Әулиекөл — Сұрған автожолы, 8-232 шақырым, Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске;
Екатеринбург — Алматы автожолы, 418-539 шақырым, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейінгі учаске;
Екатеринбург — Алматы автожолы, 556-729 шақырым, Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейінгі учаске;
Мамлютка — Қостанай автожолы, 180-404 км, СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейінгі учаске;
Қарабұтақ — Комсомольское — Денисовка — Рудный — Қостанай автожолы, 234-503 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Рудный қаласына дейінгі учаске;
Денисовка — Жітіқара — Мықтыкөл — РФ шекарасы автожолы, 0-137 шақырым, Денисовка ауылынан РФ шекарасына дейінгі учаске.
Солтүстік Қазақстан облысы
Екатеринбург — Алматы автожолы, 729-856 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске;
Челябинск — Новосибирск автожолы, 465-655 шақырым, РФ шекарасынан РФ шекарасына дейінгі учаске;
Астана — Петропавл автожолы, 341-473 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі учаске;
Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы автожолы, 11-72 шақырым, Петропавл қаласынан РФ шекарасына дейінгі учаске;
Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық РФ шекарасы автожолы, 50-280 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан РФ шекарасына дейінгі учаске;
Жезқазған — Петропавл автожолы, 595-946 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі учаскесі;
Мамлютка — Қостанай автожолы, 0-180 шақырым, Мамлютка қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске;
Көкшетау — Рузаевка автожолы, 61-196 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі учаске;
Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс жол, 0-24 шақырым, Саумаукөл ауылынан мемориалдық кешенге дейінгі учаске;
Петерфельд — Архангельск — Новокаменка автожолы, 0-30 шақырым, Петерфельд ауылынан А-16 автожолына дейінгі учаске;
Булаево — Возвышенка — Мологвардейское — Киров — Қиялы — Рощинское автожолы, 0-228 шақырым, Булаево қаласынан Рощинское селосына дейінгі учаске;
Рощинское — Корнеевка — Волошинка автожолы, 0-86 шақырым, Рощинское селосынан Волошинка селосына дейінгі учаске;
Волошинка — Сергеевка — Тимирязево автожолы, 0-119 шақырым, Волошинка селосынан Тимирязево селосына дейінгі учаске;
Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы автожолы, 0-31 шақырым, Тимирязево селосынан облыс шекарасына дейінгі учаске.
112 орталығының мәліметі бойынша, Астанадан барлық бағыттар бойынша қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.